Janus компаниясы кез келген мақсатты нарықтарға арналған кез келген өнімдер мен шешімдерді, оның ішінде интерфейсті, анықтамалық жүйелерін, баспа құжаттарын және жолдама материалдарды локализациялау бойынша кешенді қызметтер көрсетеді.
Біз локализацияны жоспарлаудан және шешім дайындауды оңтайландырудан бастап соңғы материалдарды аударуға, локализацияның толықтығын, локализацияланған шешімдердің бүтіндігін және қызмет етуін сынақтан өткізуге, бақылауға дейінгі локализацияның кез келген кезеңінде көмек көрсетуге дайынбыз.
Бізде әр түрлі пәндік салалар бойынша көп жүйелерді локализациялау жағынан тәжірибе мол:
- Аппараттық құрал және кеңселік техника:
- серверлер, жұмыс станциялары, үстел және портативті компьютерлер, ноутбуктер, кеңсе жабдығы, сканерлер, принтерлер, көп функциялы құрылғылар, желілік және периферийлі жабдық;
- Бағдарламалық құрал және интернет:
- операциялық жүйелер, қолданбалы пакеттер, өнеркәсіп станоктары мен роботтарының бағдарламалық құралы, бағдарламалау тілдері, дерекқорларды басқару жүйелері, мамандандырылған пакеттер, желілік технологиялар және интернет;
- Өнеркәсіп:
- машина жасау, құрылыс, мұнай мен газ өндіру және өңдеу, геологиялық барлау жұмыстары, станоктар және конвейерлер, ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы, орайтын жабдық және азық-түлік өнеркәсібі, өндірісті басқару жүйелері және өнеркәсіптік электроника;
- Тұтыну тауарлары:
- тұрмыстық аспаптар, ұялы және стационарлық телефония, байланыс құралдары, тұрмыстық электроника және ас үйлік техника, аудио–, бейне– және фотожабдық;
- Жолдама материалдар:
- интернеттегі өкілдіктер, кез келген форматтағы статикалық және анимацияланған графика және бейне, ағымдық материалдар (оның ішінде, бейне– және аудиороликтерді дыбыстандыру), анықтамалық құжаттар және нұсқаулық, компьютерлік ойындар және бейнеойындар.